Қазақстанның 2027 жылғы бюджеті: триллиондаған теңге қайда жұмсалады?

Білім беру мен ғылымды дамытуға 897 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

Қазан 14, 2026 - 13:17
 0  9
Қазақстанның 2027 жылғы бюджеті: триллиондаған теңге қайда жұмсалады?
Фото: Sadaq.kz/ЖИ

Қазақстан 2027 жылы республикалық бюджет шығыстарының 35 пайызын адам капиталын дамытуға жұмсамақ. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтайдың пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Министрдің айтуынша, келесі жылы адам капиталын дамытуға 15 триллион теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл қаражат әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларын қолдауға жұмсалады.

Мәди Такиев 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып, келер жылдың негізгі қаржылық көрсеткіштерін атады. Болжам бойынша, бюджет кірісі 25,4 триллион теңге, шығысы 30,2 триллион теңге болады. Ал бюджет тапшылығы 4,6 триллион теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызына тең.

Министр 2029 жылға қарай мемлекеттің меншікті кірістері 23,4 триллион теңгеге дейін өседі деп күтілетінін айтты.

2027 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 6,9 триллион теңге бөлу көзделген. Денсаулық сақтау саласына 2,5 триллион теңге қарастырылған. Бұл қаражат медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмекпен қамтуға және медициналық сақтандыруға бағытталады.

Білім беру мен ғылымды дамытуға 897 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

Сонымен қатар өңірлерді қолдауға 7,4 триллион теңге қарастырылған. Бұл жалпы бюджет шығыстарының 24,8 пайызына тең. Қаражат өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға жұмсалмақ.

Бұдан бөлек, қауіпсіздік пен мемлекеттік басқаруға 4,9 триллион теңге, ал мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге 3,5 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл шығыстар жалпы бюджет көлемінің тиісінше 16,3 және 12 пайызын құрайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0