«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір топ-менеджері қызметінен кетті
Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор қызметінен өз еркімен кетті.
"Қазатомөнеркәсіптің" сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов 26 қарашада өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлады sadaq.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазатомөнеркәсіп" атом компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Сағындықов Дархан Танатұлы 2026 жылғы 26 қарашадан бастап Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор қызметінен өз еркімен кетті.
"Оның өтініші негізінде және корпоративтік процедураларға сәйкес, Компанияның Директорлар кеңесінің шешуімен Дархан Сағындықовтың Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшеcі ретіндегі өкілет мерзімі тоқтатылды", - делінген компания хабарламасында.
"Қазатомөнеркәсіп" өкілдері өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатқанын мәлімдеді, ал міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған позицияның функционалдық міндеттемелері Компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылатын болады.