Қостанайда балалар үйінің тәрбиеленушісі ажал құшты

Шілде 14, 2026 - 17:30
chat_bubble  0 visibility  6
Қостанайда балалар үйінің тәрбиеленушісі ажал құшты
Фото: Pixabay

Қостанайдағы "Жанұя" балалар үйінің 14 жастағы тәрбиеленушісі достарымен бірге өзенге барып, суға батып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Үш жасөспірім тәрбиешіден футбол алаңына барамыз деп рұқсат сұраған. Алайда олар футбол алаңына емес, өзенге балық аулауға кеткен.

Балық аулап жүрген кезде жасөспірімдердің бірінің қармақ жібі шатасып қалған. Ол жіпті шешуге тырысып, суға кіргенімен, өздігінен жағаға шыға алмай қалған. Күшті ағыс баланы алып кеткен.

"Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жүргізген іздестіру жұмыстары барысында марқұмның денесі су айдынының түбінен табылып, жағаға шығарылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Қостанай облысының ТЖД.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0