«Қозғалтқыш қатты дыбыс шығарды»: Нысанбаев көлігін бес минутта қалай қыздырғанын көрсетті (ВИДЕО)
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аязды күндері көлік жылыту бойынша уәде еткен экспериментін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, сейсенбі, 21 қаңтар күні Нысанбаев Қазақстанның солтүстік өңірлерінде де автокөлікті жылытуға бес минут жеткілікті екенін айтқан.
Мұны дәлелдеу үшін ол түнде көлігін сыртта қалдырып, таңертең белгіленген уақытта қыздыруға уәде берді.
Эксперимент 22 қаңтарда таңғы сағат 7:39-да басталды, оны видеодағы затбелгіден байқауға болады. Термометрде ауа температурасы минус 17 градусты көрсеткен. Министр телефонға таймерді бес минутқа қояды, содан кейін көлігін қыздыра бастайды.
— Жалпы, мен қозғалысты бастау үшін 50 градус жеткілікті деген пікірді ұстанамын. Бірақ бір ескеретін жайт, егер сіз температураны 50 градусқа дейін жеткізсеңіз, онда қозғалыс басталғаннан кейін көлік бес минуттай жай қозғалуы мүмкін. Бірақ 50 градус болғаны дұрыс, - деп түсіндірді Нысанбаев.
Үшінші минутта Нысанбаев "қозғалтқыш алдымен қатты дыбыстар шығарды, ал қазір алғашқы минуттармен салыстырғанда жайлы жұмыс істеп тұр" деп атап өтті.
Таймер бес минутты көрсеткенде, министр "бәрі жақсы" деп көлікті орнынан қозғады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Естеріңізге сала кетейік, 9 қаңтарда Сенат депутаты, ҚР бұрынғы Ішкі істер орынбасары Марат Қожаев машинаны бес минуттан артық қыздарғаны үшін айыппұл салу туралы нормаға түсініктеме бере отырып, оның бұрыннан бар ереже екенін айтты және елімізде экологиялық нормаларды сақтауға бағытталғанын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?