«Мәселені өздері шешер»: Серік Жұманғарин Magnum дауына қатысты пікір білдірді

Сәуір 9, 2025 - 16:23
Сәуір 9, 2025 - 16:32
«Мәселені өздері шешер»: Серік Жұманғарин Magnum дауына қатысты пікір білдірді

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Magnum дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Министр бұл жағдай туралы кеше ғана білгенін жеткізді.

"Әлеуметтік желіні қарап отыруға уақыт жоқ. Қазіргі уақытта сыртқы жағдай, салық кодексіне байланысты онсыз да жұмыс көп. Жалпы айтқанда қазақ тілі халқымыздың тірегі. Еліміздің болашағының негізі. Қазақ тіліне біраз жағдай жасалған. Мееің ойымша, бұл екі жеке тұлғаның арасында болған тұрмыстық жайт. Бірақ бізге үлкен сабақ болды бұл. Тіл, ұлт мәселесін талқылағанда, әлеуметтік желіде жазғанда абайлау керек. Тату болуымыз керек. Бұл мәселені өздері шешеді деп ойлаймын. Жеке адамдардың арасында болған оқиға. Менің білуімше, Magnum-ның бұрынғы қызметкері жақсы жұмысқа орналасқан. Клиенттің оған ешқандай шағымы жоқ қазір. Әңгімені тоқтату керек деп есептеймін", - дейді Жұманғарин. 

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Асылхан есімді азамат Magnum сауда желісі арқылы азық-түлікке тапсырыс бергенін, оны жеткізген курьердің өзінен қазақша сөйлеуді талап еткеніне реніш білдіріп жазба қалдырған. Жазбаны көрген компания басшылығы қызметкерді жұмыстан шығарған. Кейін бұл мәселе тіл жанашырлары арасында үлкен резонанс тудырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow