«Мойныма алып, түрмеге отырдым»: танымал әртіс өміріндегі ауыр жағдай туралы айтты
Ол өмірінің ең қиын кезеңдерінің бірін еске алып, өзінің досы Мәди туралы көзіне жас алып сыр шертті
Белгілі театр және кино әртісі Бауыржан Қаптағай балалық шағындағы ең ауыр естелігін айтып, жұртты алаңдатып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ол өмірінің ең қиын кезеңдерінің бірін еске алып, өзінің досы Мәди туралы көзіне жас алып сыр шертті.
"Менің осы күнге дейін Мәди досым түсімнен шықпайды. Досым ғой... Бір төсекте ұйықтайтынбыз. Ұрлыққа барсақ, бірге барушы едік. Спортқа жақын едік, күресетінбіз. Ал оның қазасы көліктен болды. Туған күнім болатын. Киноға барғымыз келді. Қасымызда Сәбит деген досымыз бар еді. Жігіттер "Мына жерде Қанат ағаның көлігі тұр. Жаңа сұрап едік, "гаражға апарып қоя салыңдар" деді", дейді. Ол бізге рақат болды, шулап машинаға отырып алдық. Жолда келе жатырмыз, көлік айдауға қызығып жүрген кезіміз. Рөлде мен отырдым. Біз кезде шұңқырға түсіп кеттім, бірақ тез шықтық. Мен сол кезде машина айдайтын жақтағы кабинаға жабысып қалдым. Сол кезде "авария" деген сөзді естіп қалдым. Бір кезде Мәди шырылдайды. Сол кезде борт ұрып, дөңгелектің астына түсіп кетіпті. Енді баламын ғой, "тұр, Мәди" деймін. Бірақ аман алып қала алмадық... Егер сол машинаға отырмасам, сондай жағдай болмас еді ғой... Мойныма алдым. 8 ай түрмеде отырдым", – дейді белгілі әртіс Бауыржан Қаптағай.
Сіздің реакцияңыз қандай?