«Ол бұлай жазбайды»: Атырауда жоғалған отбасының туыстары Наурыздың хатына күмән келтірді

Қаңтар 15, 2026 - 22:43
Қаңтар 15, 2026 - 22:53
 0  4
«Ол бұлай жазбайды»: Атырауда жоғалған отбасының туыстары Наурыздың хатына күмән келтірді
Фото: Атырау ПД, видеодан скрин

Желіде Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптылардың 32 жастағы ұлы Наурыздың нөмірінен жіберілген хабарламалар тарады. Туыстары бұл хабарламаларды Наурыздың өзі емес, бөгде біреу жазды деген пікірде. Бұл туралы sadaq.kz сайты Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде Атырауда із-түссіз жоғалған отбасының мүшесі Наурыз Мұқанғалиевтің туыстарына жіберген хабарламаларының скриншоттары тарады. Онда Наурыз туыстарынан “өзінің ісіне араласпауды” сұрайды.

“Неге елді дүрліктіріп, арыз жазып жүрсіздер? Мәселе онсыз да аз емес қой. Көмектесе алмасаңыздар, зиян тигізбеңіздер. Ата-анама өзім жауаптымын. Араласпаңыздар. Мен үйлендім. Тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермедіңіздер”, – делінген 2025 жылдың 27 желтоқсанда жіберілген хабарламаларда.

Туыстары бұл хабарламаларды Наурыздың өзі жазғанына сенбейді.

“Біз Наурыз мұндай хабарлалар жазбайды деп ойлаймыз. Дәл айта алмаймын. Дегенмен, расында, осындай хабарламалар келген. Ол үйленбеген еді. Бізге де үйленетінін айтқан жоқ. Бірақ, мүмкін, сондай ойы болған да шығар”, – дейді есмімін атаудан бас тартқан туыстарының бірі.

Отбасының тағы бір туысы Ләззат Кенжеғалиева да хабарламаларды Наурыздың өзі жазғанына сенбейді.

"Желіде Наурыз WhatsApp арқылы жіберді делінген хабарламалар таралуда, хабарламаларда ол "ісіме араласпаңдар" деген секілді нәрселер жазған. Біз Наурыз мұндай нәрселер жазбайды деп есептейміз. Біз оны жақсы білеміз, ол мінезі жұмсақ адам еді. Біреу оның жұмсақтығын пайдаланып, телефонын алып, осы хабарламаларды оның атынан жіберген болуы мүмкін. Біздің үлкен ағамыз да әрқашан сондай сабырлы еді", – деді отбасының туысы Ләззат Кенжеғалиева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0