Президент Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды

Тамыз 29, 2026 - 16:27
chat_bubble  0 visibility  0
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорда

Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Sadaq.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты құрылды. 

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойған еді.

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0