«Шымкент полициясын толық жауапқа тарту керек»: Депутат Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты пікір білдірді
Шымкенттегі қанды оқиғаға қатысты мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Естеріңізде болса, 11 қаңтар күні 21 жастағы Нұрай Серікбай танысының қолынан қаза тапқан еді. Ол оған дейін полиция қызметкерлеріне арыз жазып, көмек сұраған. Дегенмен, бұл іс қадағалаусыз қалып, кісі өліміне алып келді.
Депутат арызды ескермей, бұл жағдайдың алдын алмағаны үшін Шымкент қаласының полиция департаментін қатаң түрде жауапқа тарту керегін айтты.
«Егер бұл істі қарамаған болса полицияны жакапкершілікке тарту керек. «Сталкинг» бойынша арыз түсіп, полиция оған шара қабылдамаса ол үлкен заң бұзушылық. Алып қашу бойынша да арыз түсіп, оған да шара қолданбаса Шымкенттің полиция басшысын жауапқа тартып, қызметтен қуу керек. Президенттің саясаты бойынша бізде алып қашу жоқ. Ол – теріс саясат. Заң қабылдаңдар деп тапсырма берді. Президенттің тапсырмасын Шымкенттің полицейлері қарамай, уақытында жауапқа тартпайтпай, немқұрайлы қарап қыз сол үшін қайтыс болған болса, Шымкент полициясын толық жауапқа тарту керек»,– дейді депутат.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0