Шымкентте 12 сыныптас әскери борышын бірге өтеп жатыр
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің оқу пунктіне жаңа толықтырым келгенде ерекше әрі сирек жағдай анықталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектепті бірге тәмамдаған 12 бала бірге әскери борыштарын өтеп жүр.
Бөлім басшылығы да мұндай жағдай өте сирек кездеседі дейді.
«Біз бала кезімізден бірге өсіп келеміз. Әскерге баруды саналы түрде шештік. Ешкім қашқан жоқ, керісінше, баруға ынталы болдық. Бізді бір әскери бөлімге бөлгенде өзіміз де таң қалдық. Қазір бір команда сияқтымыз», – дейді қатардағы жауынгер Расул Саутов.
«Біз Отанымызды қорғау үшін бірге тұрғанымызға мақтанамыз. Мұнда біз бір-бірімізді мектептегідей қолдаймыз. Осындай ұжданды бірлік әскери өмірге тезірек бейімделуге көмектеседі», – дейді жауынгер Марат Бейбарыс.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0