Шымкентте жылқыны көлікке байлап сүйреген ер адам жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде жануарды автокөлікке байлап, жол бойымен сүйреген сәт түсірілген видео тараған.

Қазан 14, 2026 - 19:51
 0  6
Шымкентте жылқыны көлікке байлап сүйреген  ер адам жауапқа тартылды
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте жылқыны көлікке байлап, сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде жануарды автокөлікке байлап, жол бойымен сүйреген сәт түсірілген видео тараған. Осыдан кейін полицейлер тексеру жүргізіп, жүргізушінің жеке басын анықтады.

Тексеру нәтижесінде жылқыдан ешқандай жарақат табылмағаны белгілі болды. Алайда жүргізуші жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды.

Полиция өкілдері азаматтарды жануарларды тасымалдау ережелерін сақтап, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0