Шымкентте жиналыс үстінде антикор ұстап әкеткен шенеуніктің ісі сотқа жолданды

Шілде 12, 2024 - 10:59
app_badging Шілде 12, 2024 - 11:00
chat_bubble  0 visibility  95
Шымкентте жиналыс үстінде антикор ұстап әкеткен шенеуніктің ісі сотқа жолданды

Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өтіп жатқан жиналыс кезінде антикор қызметкерлері ұстап әкеткен тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Момыновтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сол кездегі шенеунік пен оның сыбайласына Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы мен 218-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша айып тағылып отыр. 

Қалалық соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау 12 шілде күні сағат 10:00–ге белгіленді. 

Істі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева қарайды. 

Еске салсақ, ақпан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департамент қызметкерлері әкімдіктегі жиналыс кезінде тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Момыновты ұстап әкеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0