Талғардағы жантүршігерлік қылмыс: Күйеуі жүкті әйелін баласының көзінше пышақтап өлтірді
Талғар ауданына қарасты Рысқұлов ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. Nemolchi.kz Instagram парақшасына түскен ақпарат бойынша, Жазира есімді әйелді күйеуі өз баласының көзінше пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Марқұмның әріптесінің айтуынша, оқиға кеше ғана белгілі болған. Әйелдің денесі табылған сәтте қасындағы төсекте 5 жасар қызы ұйықтап жатқан. «Кеше сағат 11:00-де Жазияны жерледік. 5 жасар қыз бала қансырап жатқан анасының қасында ұйықтап жатқан», — делінген хабарламада. Сондай-ақ марқұмның әріптестері оның «бұл құбжықтан» жүкті болғанын да атап өткен.
Қазіргі уақытта күдіктіні Аудандық ішкі істер бөлімінің (АІІБ) қызметкерлері қолға түсіргені айтылуда. Қоғам белсенділері мен марқұмның жақындары полициядан ресми мәлімет пен істің әділ тергелуін күтуде.
Sadaq.kz редакциясы марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0