«Тасмағамбетов, Әблязов, Алагөзова»: Желіде 2007 жылы түсірілген кештен суреттер тарады (ФОТО)
Threads желісінде 2007-жылы Алматы қаласында өткен Вена балында(Венский бал) түсірілген суреттер тарады, деп хабарлайды sadaq.kz.
19 жыл бұрын түсірілген бұл суреттерді qzq_hub парақшасы жариялады.
Алматының төрінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға сол кездегі елдің саяси және іскер элитасының өкілдері қатысқан.
Құрметті қонақтар қатарында Алматы қаласының сол уақыттағы әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Вена қаласының бургомистрі Михаэль Хойпль, сондай-ақ Дариға Назарбаева, Рахат Әлиев, Мұхтар Әблязов, Нұрлан Смағұлов, Мұхтар Жәкішев және өзге де танымал тұлғалар бар. Суреттерден қазақ шоубизнесінің жарқын өкілі продюсер Баян Мақсатқызын да байқауға болады.
Ал желі қолданушылары болса түрлі пікір қалдырып, суреттерді жан-жақты жарыса талдауда.
"Халықтың ақшасына ұйымдастырылған кеш. Банкет зейнетақы қорынан төленген", "Майлы кезеңдер ғой", "Сурет тарихи артефакт ретінде қызық, бірақ...", "Жаңа жылдық шырша сияқты бәрі жылтырап тұр", "Аурасы өте ауыр сезіліп тұр", "Баян сондай әдемі", деді олар.
Айта кетейік, архивтік суреттердің авторы - фотограф Андрей Лунин.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0