Таяу Шығыста қалған қазақстандықтарға Kaspi ақшалай көмек береді

Наурыз 2, 2026 - 11:20
Наурыз 2, 2026 - 11:22
 0  4
Таяу Шығыста қалған қазақстандықтарға Kaspi ақшалай көмек береді

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Kaspi.kz сол аймақта жүрген клиенттеріне материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды компанияның ресми мәлімдемесіне сүйенген Sadaq.kz.

Егер сіз Kaspi Travel арқылы тур немесе ұшақ билетін алып, қазір сол өңірде жүрсеңіз немесе транзитпен қалып қойсаңыз, банк сізге күн сайын ақша аударып тұрады. Көмек мөлшері мынадай:

• Әр ересек адамға – тәулігіне 35 000 теңге;

• Әр балаға – тәулігіне 15 000 теңге.

Ақша тікелей Kaspi Gold картасына түседі. Банк өкілдері клиенттермен үнемі байланыста болып, барынша көмектесуге тырысатынын айтты.

Сонымен қатар, қазір Таяу Шығыста жүрген отандастарымызға қауіпсіз жерде болу және Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтарына хабарласып, тіркеуге тұру кеңесі берілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0