Тізімде ел шенеуніктері бар: Бас прокурор Эпштейн ісіне қатысты тергеуді бастады

Ақпан 27, 2026 - 15:46
 0  2
Тізімде ел шенеуніктері бар: Бас прокурор Эпштейн ісіне қатысты тергеуді бастады
Фото: Бас прокуратура

Еліміздің Бас прокуратурасы Эпштейн ісі бойынша тексеру бастады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп жазады sadaq.kz.

Бұған дейін Бас прокурордың атына сауал жолдаған ЖСДП фракция жетекшісі, депутат Асхат Рахымжанов еліміздің бұрынғы жоғары лауазымды экс-шенеуніктерінің Джеффи Эпштейнмен байланыстарын тексеру қажеттігін айтқан болатын.

- Әрине, бұл маңызды мәселе. Мұны бүкіл әлем талқылап жатыр. Сондықтан Бас прокуратура да, өзге де ведомстволық органдар аталған фактілердің болған-болмағанын тексереді, - деді ол Ақордада.

Бас прокурор нақты адамдардың аты-жөнін атаған жоқ. Бірақ, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған Кәрім Мәсмовке қатысты нақтылау сұрағына ол аталған тұлғаға қатысты алдын ала тексеру басталғанын растады.

- Алдын ала тексеруді бастадық. Депутат Эпштейн Қазақстанға келді ме, келмеді ме деген сауал қойды. Осыған қатысты тексеру жүріп жатыр. Ал Келімбетовтің барған-бармағаны қосымша тексеріледі, - деді Берік Асылов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0