Тоқаев Ирандағы ахуалға байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Ақпан 28, 2026 - 16:22
 0  22
Тоқаев Ирандағы ахуалға байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды», – делінген хабарламада.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0