Түркістан облысында төрт баласымен жоғалған ана аман-есен табылды

Шілде 15, 2026 - 11:11
chat_bubble  0 visibility  4
Түркістан облысында төрт баласымен жоғалған ана аман-есен табылды
Фото: Policia.kz

Түркістан облысының полицейлері жеті күн бойы іздеуде болған әйел мен оның төрт баласын аман-есен тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Отырар ауданында жергілікті тұрғын жұбайының төрт баласымен бірге үйден шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы полицияға арызданған. Осыдан кейін Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын бастаған.

Іздеу барысында ауданның кіреберісі мен шығаберісіне бақылау бекеттері қойылып, автокөліктер тексерілді. Сондай-ақ көршілес өңірлерге арнайы бағдарлар жолданып, іздестіру шаралары күшейтілді.

Нәтижесінде әйел төрт баласымен бірге таксимен келе жатқан жерінен анықталды. Белгілі болғандай, ол жұбайымен болған тұрмыстық келіспеушіліктен кейін балаларын ертіп, ешкімге ескертпестен Шымкент қаласына кетіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Із-түзсіз кеткен әйелдің жанында 6, 5, 3 жастағы және 10 айлық төрт баласы болған.

Полиция қызметкерлері профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жақын туыстарын шақырғаннан кейін отбасы мүшелері өзара татуласып, үйлеріне аман-есен оралды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0