Украина аумағының бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін - Трамптың арнайы өкілі

Қараша 23, 2025 - 16:25
Украина аумағының бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін - Трамптың арнайы өкілі
Фото: Mariam Zuhaib

АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина өз жерінің бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін екенін меңзеді. Оның есесіне ел қауіпсіздік кепілдіктерін алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Келлогтың айтуынша, Украина өз халқының алдында дәл қазіргі ұстанымын сақтауы керек, бірақ соғысты тоқтату үшін Ресейге территориялық жеңілдіктер жасау жөнінде күрделі шешімдер қабылдауға мәжбүр болады.

Осылайша ол Украина БҰҰ жанындағы өкілінің орынбасары Кристина Гайовишиннің "украин жері сатылмайды" деген сөздерін түсіндірді. Сонымен қатар, Келлог Трамп командасы Ресей өкілдерімен бірге қауіпсіздік кепілдіктерін қамтитын "бейбіт жоспар" дайындағанын айтты. 

"Мен және Стив Уиткофф, Ресей тарапынан Кирилл Дмитриев, украиндар да қатысқан. Біз олар бас тартуы өте қиын болатын ұсынысқа келдік... Өзгерту керек тұстар бар, бірақ мұндай нәрселер келіссөздер барысында жасалады, ал президент мұны түсінеді. Қорытынды нәтиже туралы ойлаймын және келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негіз бар деп санаймын", – деп түсіндірді Келлог.

Арнайы өкіл ресейліктер бұл жоспарға өз түзетулерін енгізуі мүмкін екенін де болжап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow