Украина Қазақстанның наразылығына жауап берді

Желтоқсан 1, 2025 - 09:10
 0  0
Украина Қазақстанның наразылығына жауап берді
Фото: cpc.ru

Украина Қазақстан Республикасының наразылығына жауап беріп, біздің елдің Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына алаңдаушылығын назарға алғанын хабарлады.

Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Украиналық СІМ өкілдері аталған әрекеттер "Қазақстан Республикасы немесе басқа үшінші тараптарға бағытталмағанын" мәлімдеді.

"Украинаның бар күші БҰҰ жарғысының өзін-өзі қорғау туралы 51-бабын іске асыру барысында толық масштабты ресейлік басқыншылыққа тойтарыс беруге бағытталған. Украинаның стратегиялық тұрғыдан негізделген қорғаныс операциялары жүйелі түрде басқыншының әскери-өнеркәсіптік потенциалын әлсіретіп, қылмыстық басқыншылық соғысты жүргізуге қажет заттарын жояды. Біздің адамдар өліп жатыр. Украина басқыншының шабуылдарына жауап ретінде соққы жасайды", - делінген мәлімдемеде.

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Черномор өңірі мен оның сыртындағы аймақтардағы тұрақсыздықтың жалғыз факторы мен қауіпсіздік әрекеттерінің себебі ресейлік басқыншылық болып отырғанын жеткізді.

"Бүгінгі алаңдаушылықтарға қатысты қазақстандық тарап жақтан Ресей Федерациясының Украинадағы азаматтарға, тұрғын үйлерге, азаматтық инфрақұрылымға және еліміздің энергетикалық жүйесіне бағытталған соққыларын айыптаудың жоқтығына назар аударамыз", - делінген ресми хабарламада.

Оған қоса Украина басқыншының соғысты тоқтатуға күштеуге әрекет жасауға шақырды.

"Қорытынды ретінде қазақ еліне асқан құрметіміз бен достық қарым-қатынасымызды растаймыз", - деді украиналық СІМ өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0