Зардап шеккендер бар: Алматы әуежайында FlyArystan ұшағы өртенді
Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағынан өрт шықты. Оқиға кезінде Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиғаға қатысты видео Kozachkow Telegram-арнасында жарияланды. Кадрларда FlyArystan ұшағының іші өртеніп, әуе кемесінің маңын қою түтін басқанын көруге болады.
Әуе компаниясының баспасөз қызметі оқиғаның жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде болғанын растады.
Компанияның мәліметінше, жұмыс барысында кенеттен өрт шыққан. Әуежайдың шұғыл қызметтері оқиға орнына дереу жетіп, жалынды сөндірген.
Өрт салдарынан Air Astana тобының қызметкері жарақат алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханадан шығарылған.
Маңыздысы, оқиға кезінде ұшақ бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.
Қазір зақымданған әуе кемесі уақытша пайдаланудан шығарылды. Мамандар ұшақтың қаншалықты зақымданғанын бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, өрттің нақты себептері мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0