Зеленский: Ресей жағында кемі 115 Қытай азаматы соғысып жүрген

Сәуір 10, 2025 - 10:38
Зеленский: Ресей жағында кемі 115 Қытай азаматы соғысып жүрген

Украинаның арнайы қызметінде Ресей әскері қатарында Қытайдың кемінде 155 азаматы соғысып жүргені жөнінде мәлімет бар. Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді, деп жазады Азаттық радиосы. 

Оның сөзінше, Ресей билігі әлеуметтік желі арқылы келісімге қол қоюға шақыратын жарнама роликтерін таратып жатыр.

"Оларды қалай тартып жатқаны белгілі. Сондай схемалардың бірі – әлеуметтік желілер, атап айтқанда TikTok және өзге де қытайлық әлеуметтік желілер. Ресейліктер сол жақта жарнама роликтерін таратып жатыр. Ресми Пекин мұны біледі" деді Зеленский.

"Луганск" жедел-тактикалық тобының қоғаммен байланыс бөліміне сүйенген "Украинская правда" басылымы бұған дейін Донецк облысында тұтқынға түскен Қытай азаматтарының бірінің берген жауабы туралы жазған. Әскерилердің сөзінше, ол Ресей азаматтығын алу үшін соғысқа барғанын айтқан, ал дайындықтан Украинаның оккупацияланған Луганск облысында өткен. Ер адам Ресей әскеріне қосылу үшін Қытайдағы делдалға 300 мың рубль төлеген.

8 сәуірде Зеленский Донецк облысында Ресей жағында соғысып жүрген екі Қытай азаматы тұтқынға түскенін хабарлаған. Ол сыртқы істер министрі Андрей Сибигаға Пекинге дереу хабарласып, Қытайдың реакциясын білуді тапсырған. Украина сыртқы істер министрлігі Қытай істері жөніндегі сенімді уәкілді шақырып, түсініктеме сұраған.
Бір күн бұрын Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қытай өз азаматтары Украинаға соғысқа жібермегенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow