Жәрдемақы алатындарға SMS-хабарлама жіберіледі – Жұманғарин
Кімнің қай топқа жататынын анықтау кезінде қателікке жол берілмейді
Мемлекеттік жәрдемақы алатын адамдарға Push-хабарлама жіберіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Бұдан былай отбасының немесе адамның әлеуметтік санаты емес, мұқтаждық тобы болады.
1.А тобы – жоғары деңгей;
2.В тобы – ауқатты деңгей;
3.С тобы – қанағаттанарлық деңгей;
4.D тобы – экономикалық осал деңгей;
5.Е тобы – экономикалық және әлеуметтік осал деңгей.
"А" және "В" тобына кіргендерге жәрдемақы берілмейді.
"Жаңылмасам, 522 мың адамға қатысты болып тұр. Қазіргі кезде "А" тобына шамамен 77 мың адам кіреді. Қалғаны "В" тобына еніп тұр. Талдау жүргізіліп жатыр. Әрбір адамға Push-хабарлама жіберіледі", - деді Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте.
Оның айтуынша, жұмыс жылдың аяғына дейін жалғасады. Ал топты анықтау кезінде қателік болмайды.