«20жыл күткен тарихи жеңіс»: Таэквондошы Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды

Сәуір 15, 2026 - 22:40
chat_bubble  0 visibility  2
«20жыл күткен тарихи жеңіс»: Таэквондошы Айым Серікбаева әлем чемпионы атанды
Фото: olympic.kz.

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Айым Серікбаева алтын жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс отандық таеквондо мектебі үшін соңғы жиырма жылдағы алғашқы жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді.

Айым Серікбаева шешуші кезеңде мексикалық спортшы Понсе Нуньес Дара Ширлимен кездесіп, қарсыласын 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Еліміз бұндай деңгейдегі соңғы жоғары марапатты осыдан 20 жыл бұрын, атап айтқанда 2006 жылы жеңіп алынған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0