«Адам құны қызғалдатқан төмен»: журналист қызғалдақ жұлғандарға салынатын айыппұлды сынады

Қызғалдақ жұлған әйелге 12 млн теңге айыппұл салуы мүмкін деп жатыр. Журналист Серғали Балажан бұл сома тым көп дейді, деп хабарлайды sadaq.kz.
«Заңгер Жангелді Сүлейменовтің айтуынша, аталған жағдайда ешқандай қылмыстық құрам жоқ! ҚР ҚК-де “добывание”, “уничтожение” деп көрсетілген. Ал, әйел екеуін де жасамады дейді заңгер. Оның үстіне, қрапайым адам қай өсімдіктің “қызыл кітапқа” енгенін ажырата алмайды, бір ғана гүлдің әр түрлі тұқымы бар», - деді ол.
Ол атағандай, айыппұл көлемі ақылға қонбайды.
«Жан-жануарға қасақана қастандық істесең 480 мың теңге айыппұл қарастырылған (25 есе аз). Ал, адамды ұрып кетсең 300 мың теңге айыппұлмен құтылуға болады. Демек адам өмірі Қазақстанда қызғалдақтан арзан болып тұр ғой?», - дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






