«Адамзат үшін орны толмас қасірет»: Оқу-ағарту министрі Ирандағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Наурыз 2, 2026 - 15:45
Наурыз 2, 2026 - 15:56
 0  11
«Адамзат үшін орны толмас қасірет»: Оқу-ағарту министрі Ирандағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Фото: Sadaq.kz. коллажы

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ирандағы қайғылы оқиға салдарынан 160 мектеп оқушысының қаза табуына байланысты көңіл айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Министр бұл суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Бейбіт күнде білім алып, болашаққа қадам басуы тиіс балалардың өмірінің үзілуі – барша адамзат үшін орны толмас қасірет. Балалар ешқашан қандай да бір қақтығыстың, жанжалдың немесе саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс. Бала тәрбиесімен айналысатын адам ретінде балалар ешқашан қандай да бір қақтығыстың, жанжалдың немесе саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс деп санаймын. Олардың қауіпсіздігі мен амандығы – халықаралық қауымдастық үшін де, әр мемлекет үшін де ең басты құндылықтардың бірі», – деді министр.

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықаралық мәселелерді әрдайым бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін айтып келе жатқанын атап өтті. Бұл ұстаным адам өмірін, әсіресе балалардың болашағын қорғауға бағытталған маңызды  саясат екенін атап өтті.

Министр Иранда қаза болған балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0