Алматыға ұшқан рейстің жолаушысы орнында отырып дәрет сындырған

Сәуір 9, 2025 - 12:32
Алматыға ұшқан рейстің жолаушысы орнында отырып дәрет сындырған
Фото: Pixabay.com

Пхукет-Алматы рейсінің бортында мас жолаушы дәрет сындырды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ұшақ қонған кезде желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны ұстады.

«Көлік полицейлері мас күйінде өз орнында отырып дәрет сындырған адам 42 жастағы Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.

Құқық бұзушыға алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow