Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Алматы-Өскемен тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 171-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан тағы бір Toyota Camry-мен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі, 56 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, екінші көліктің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Сонымен қатар әлеуметтік желіде оқиға орнынан куәгерлер түсірген кадрлар жарияланды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол мен ауа райы жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және көлік тізгінінде отырғанда басқа нәрсеге алаңдамауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0