«Асар-Үме» қорының президенті Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударғанын айтты

Бүгін атышулы қылмыстық істің екінші эпизодын қарау басталды. Сотта жәбірленуші тараптың өкілі ретінде сөз алған «Асар-Үме» қорының президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға 200 миллион теңге аударғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Асхат Нұрмашевтің айтуынша, 2023 жылдың қарашасында Израиль мен Газа секторындағы қақтығыс күшейген тұста Перизат Қайрат әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы «Палестина елшілігінің қолдауымен зардап шеккендерге көмек жинап жатырмыз» деп науқан бастағанын жариялаған.
“Перизаттың Палестина елшілігімен меморандум жасағанын көріп, сенім білдірдік. Сол себепті біздің қордан 200 млн теңге аудардық”, - деді ол сотта.
Айта кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Тергеу жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






