Әйел екі баласымен ажал құшқан: ШҚО-да жеке үйде өрт шықты
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.
Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.