«Әйелің әртіс болмасын»: Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдікәрімованың суреті желіні шулатты

Шілде 13, 2026 - 10:51
app_badging Шілде 13, 2026 - 11:27
chat_bubble  0 visibility  26
«Әйелің әртіс болмасын»: Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдікәрімованың суреті желіні шулатты
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал актер Азамат Сатыбалды мен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында суреттермен бөлісіп, жаңа спектакльдің премьерасы өтетінін хабарлады.

«Бұл спектакль – махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңгенде, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт өтпей алмаған жараларының ізі жайлы…»,– деп жазды актриса.

Жарияланған суреттер желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Көпшілік Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдікәрімованың сахнадағы үйлесімін жоғары бағалап, түрлі пікірлер жазды.

«Қайрат шалқасынан түспесін», «Шошып кеттік қой», «Қайратқа күшті жауап болды», «Екеуі күшті жарасып тұр», «Әйелің әртіс болмасын деген сурет екен», «Ерлі-зайыптыдай тұр ғой», «Ұят екен», «Керемет жұп шығар еді», – деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0