«Балға жиналған ара сияқты»: Бағдагүл емші Тамара Асарды жерден алып, жерге салды (ВИДЕО)
Ақтөбелік танымал емші Бағдагүл желідегі парақшасында үндеу жасап, депутаттыққа үміткер өнер иелерін сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол Тамара Асар мен Аша Матайдың Құрылтай депутатттығына сайлануына қарсы екенін айтты. Айтуынша әншілерден ешқандай пайда болмайды.
"Дыбысыңды шығарма, Тамара Асар! Тілімді кессең де, бас кеспек жоқ. Қайдағы құрылтай саған? Халық үшін бір затқа тұра алмаған адамға ол жерге барудың қажеті жоқ! Ол жерге барып не істемекшісің? Орындықты сасытасыңдар ма Аша Матай екеуің? Не жетпейді саған?! Әніңді сал да, қыдырсайшы! Бізге Аша Матай, Патайдың керегі жоқ! Қазақстан сендерге ойыншық емес. Оны құру үшін біздің ата-бабамыз жер жастанған. Балға жиналған ара сияқты керегі жоқ", – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0