Бас прокуратура Шерзаттың үйін өртегендерді Ресейлік спутник арқылы іздемек

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеу дерегіне қатысты тергеу деректерін бөлісті, - деп хабарлайды sadaq.kz.
Қойгелдиев тергеу әлі жалғасып жатыр дейді.
"Айтарым, бұған дейін бірқатар сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша белгілі нәтижелер бар. Процесс не үшін тоқтап қалғанына келер болсақ, біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жолдадық. Істің толықтығы үшін спутник арқылы сол кезде жанында (үйдің – ред.) қандай көліктер тұрғанын зерттемекпіз", – деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі.
Үйін өртеу дерегі бойынша бүгінде күдіктілер бойынша ешқандай ақпарат жоқ.
"Тергеу жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы қазір ештеңе айта алмаймын. Қандай да бір ақпарат пайда болған кезде, бірден жарияланады деп ойлаймын. Қазірше табылған жоқ. Бұл туралы ешқандай ақпаратым жоқ", – деді Бас прокуратураның орынбасары Әсет Шындалиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?






