Белгілі ақын Жанна Елеусізқызы өмірден өтті

Ол WhatsApp қосымшасына ақынның қызы екенін айтқан адамнан жайсыз хабарлама келгенін жазып, ақпараттың анығын біле алмай отырғанын жеткізді.

Қазан 12, 2026 - 16:19
 0  10
Белгілі ақын Жанна Елеусізқызы өмірден өтті
Фото: әлеуметтік желі

Ақын Ақберен Елгезек әлеуметтік желідегі парақшасында Жанна Елеусізге қатысты жазба жариялады, деп жазады Sadaq.kz.

Ол WhatsApp қосымшасына ақынның қызы екенін айтқан адамнан жайсыз хабарлама келгенін жазып, ақпараттың анығын біле алмай отырғанын жеткізді.

«Вотсап қосымшасына төмендегідей жайсыз хабарлама келді. Жанна Елеусіздің қызымын деп жіберіп отыр. Анық-қанығын нақты біле алмай отырмын. Жеткен хабарлама бойынша, қазақ халқы өзінің ғажайып, ұлы ақыны Жанна Елеусізден айырылып қалған сияқты. Өз сөзіме өзім сенбей, көз алдымда дүние шыр айналып, осы постты жазып отырмын. Анық-қанығын Қазақстан Жазушылар одағы анықтап, елге толық ақпаратты бере жатар. Соңғы кезде жиі болмаса да, сөйлесіп жүретін апамнан айырылып қалдық дегенге еш сене алмай отырмын. Өтірік боп шықса екен…», – деп жазды Ақберен Елгезек.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0