CIM: Иран аумағында Қазақстанның 96 азаматы бары анықталды

Ақпан 28, 2026 - 20:09
 0  14
CIM: Иран аумағында Қазақстанның 96 азаматы бары анықталды
Фото: pixabay.com

Ирандағы қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген азаматтарға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ресми дерекке сәйкес, олардың 18-і – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студент, 70 қазақстандық "Заркух" зауытында еңбек етіп жүр. Тағы алты азамат Иранда жеке шаруасымен жүргені айтылды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ведомство және Қазақстанның шетелдегі мекемелері азаматтармен тұрақты байланыс орнатқан.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай дипломатиялық қызметтердің бақылауында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0