Данияда партия жетекшісі Құран өртеді

Ақпан 3, 2025 - 17:33
 0  54
Данияда партия жетекшісі Құран өртеді
Фото: instagram/ stramkyrs.2020

Данияда мұсылмандар үшін қасиетті саналған Құран кітабы өртелді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Экстремистік партия жетекшісі Расмус Палудан Копенгагендегі Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеді.

Расмус Палудан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл әрекетін Швецияда бірнеше рет Құранды өртеп жіберген, кейін Стокгольм маңындағы үйінде атып өлтірілген Салван Момиканы еске алу үшін жасағанын айтты. Дания полициясы оған Момиканы қолдау митингін өткізуге рұқсат бермегенін айтып, ұстады.

Кейіннен Расмус Палуданның Ресей елшілігінде де Құран өртегені белгілі болды. 

Айта кетейік, Данияда 2023 жылы Құранды өртеуге тыйым салынды. Діни мәтіндерді күлкі қылғандарға айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еске салайық, бұған дейін Құран өртеген Салван Момиканы атып кеткені туралы ақпар тараған еді. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0