«Ешкім далада қалған жоқ»: Араб жеріндегі қазақстандықтардың жағайы белгілі болды
«Туристік Қамқор» қорының басшысы Инна Рейдің Қазақстанның Қатарда 1 мың, Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңға жуық азаматы бар екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Инна Рей Дохадан тікелей эфирге қосылып, журналистерге брифинг өткізді. Ол Мекке мен Мединада 200-ге тарта адам қалғанын айтты. Ал қордың директоры жағдайға байланысты қазіргі таңда қандай көмек көрсетіліп жатқаны және туристердің саны туралы нақты мәлімет берді.
«Өздеріңіз білесіздер, үш күн бұрын болған оқиғаларға байланысты қазақстандық туристердің бір бөлігі бірнеше елде уақытша қалып отыр. Біріншіден, Біріккен Араб Әмірліктерінде шамамен екі жарым мыңға жуық қазақстандық турист бар. Олардың барлығы «Туристік қамқор» қоры мен туроператорлардың үйлестіруімен қонақ үйлерге орналастырылды. Ешкім далада қалған жоқ, барлық азамат бақылауда. Екінші ел – Сауд Арабиясы. Қазіргі уақытта онда екі жүзден астам қазақстандық турист бар. Олардың да барлығы қонақ үйлерге орналастырылып, қажетті жағдай жасалған. Үшінші ел – Қатар. Бұл елде бір мыңнан астам қазақстандық турист бар. Барлық турист қонақ үйлерге орналасқан, жағдай тұрақты», – деді «Туристік Қамқор» қорының директоры Асылхан Есілов.
Еске салсақ, Иран Израиль мен АҚШ-қа жауап ретінде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына шабуыл жасады. Осыған орай, Таяу Шығыстағы елдерге ұшып бару мен келуге қатысты шектеулер енгізілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0