«Есірткіге тәуелді екенін отбасы біледі»: Адвокат Ахатова қорғауындағы Әнару Құрманәлімен ренжісіп қалды

Адвокат Ләззат Ахатова өзінің қорғауындағы жәбірленуші Әнару Құрманәлімен ренжісіп қалғанын айтып, өзара жазбаларды скриндеп жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.
Кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровтың зорлығына ұшырадым деген композитордың қызы, ақыры өз мақсатына жете алмайтын болды. Авдокаттың сөзінше, тергеушілер боксшыға қатысты қылмыстық істі тағы да қысқартатындарын ашық айтқан.
Адвокат Жаңқош Тұраровты ақыры заң алдында жазалай алмайтындарын ашық мойындады. Айтуынша, боксшының көкелері тергеуге кедергі келтірген. Шулы іспен он айдан бері айналысып жүрген адвокат жемқорлық пен таныстық жайлаған жүйені жеңе алмайтынын айтты.
«Майда-шүйдемен елдің миын ашытпайын деп, ол іс туралы ештеңе жазбай жүргем. Әнару Құрманәлімен арадағы переписканың скриндерін жариялауға мәжбүр боп отырмын, ақырында. Ең басты айтарым — зорлық орын алған! Тұраровтың қолдаушылары барлық органда болғандықтан, біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін отбасы да, араласатын адамдар да білетіні анық. Бірақ біздің елде барлық адамға қатысты ондай қылмыстар ашыла бермейтінін білесіздер. “Дикий Арманның” командасында болған спортшының көкелері оған қатысты қылмыстың ашылмауына мүдделі. Оған көзіміз әбден жетті», — деді адвокат.
Ол Әнару Құрманәлімен арасы суып кеткенін жазды. Сөзінше, жәбірленушіні жақсылықты бағалай алмайды.
«Жақсылықты бағалай алмайтын, өзіне керек кезде ғана жақсы сөйлеп, өз қателігін өлсе түсінбейтін, тек өзгелерді кінәлауға, каприздері орындалмаса, манипуляция жасауға бейім эгоист екен, қазіргі жастар..Соны ұқтым. Бірақ мен Алладан басқа ешкімнен қорықпаймын. Қыздарыммен жасты қыз ғой деп, ана ретінде тағдыры үшін жаным ауырып, шын ниетіммен қолдағаным, қорғағаным — бәріңізге аян. Ешкімнің алдында ақталмаймын. Жемқорлық, тамыр-таныс жайлаған жүйені жалғыз өзім жеңе алмаймын. Айтуын айтамыз, жазамыз. Алайда сыбайластықты жеңу мүмкін емес екен, біздің елде..», — деп түңілді ол.
Әнарудың әкесі де бұл істі тоқтатуды қорғаушыдан өтінген. Өйткені, боксшы Жаңқош Тұраровпен 7 жыл қатынаста болғанын ашық мәлімдеген қыз әкесімен де ренжісіп қалған. Адвокат жеке әңгімелерді жариялайын деген ниетім жоқ болса да, қоғамға амалсыз шығаруға мәжбүр екенін айтты.
«Сіздерден ештеңе жасырмауды жөн көрдім. Соңғы кездері істегі қиындықтардан бөлек, басқа нәрселерден, жәбірленушінің әрекеттерінен де, әкесінің әрекеттерінен де морально шаршадым..Былтырғы тамыздан бері осы іске қатысты не өтпеді басымнан?..Біреудің отбасылық проблемаларына, қарым-қатынастарындағы күрделі жағдайлар мен өкпе-налаларына еріксіз куә боп, араласуға да мәжбүр болыппын. Адвокат қана емес, психолог, няня да боп кеттіппін. Олай жасауға міндетті болмасам да. Сонда да мамандығыма адал болдым. Қысқарған істі жанымды салып, бұздыртып, тергеуге бүкіл талабымызды орындаттық. Енді ешкімнің өкпесі жоқ шығар, маған?», — деп жазды Ахатова.
Сіздің реакцияңыз қандай?






