Иран Бахрейндегі АҚШ әуе базасына соққы жасады

Наурыз 3, 2026 - 12:56
 0  18
Иран Бахрейндегі АҚШ әуе базасына соққы жасады
фото: видеодан скриншот

Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Бахрейндегі АҚШ базасына зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Басылымның IRNA агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, ирандық әскерилер Бахрейндегі АҚШ әскери-әуе күштері базасының штабын және негізгі басқару ғимаратын тас-талқан еткен.

"Шынайы уәде" операциясының 14-ші толқыны кезінде ИРСК-тің әскери-теңіз күштері бүгін таңертең Бахрейннің Шейх-Иса аймағындағы АҚШ әуе базасына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды қолданып ауқымды шабуыл жасады", - деп келтірді агенттік ИРСК хабарламасын.

Агенттіктің мәліметінше, Иран Қарулы Күштері шабуыл үшін 20 ұшқышсыз ұшу аппаратты пен 3 зымыран қолданған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0