Қарағандыда журналист жоғалып кетті

Маусым 20, 2024 - 15:36
 0  69
Қарағандыда журналист жоғалып кетті
Фото: t.me / vechernaya_karaganda

Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті.

 «Вечерний Караганда» сайтының жазуынша, ол 17 маусым күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

Ол  бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шыққан.

«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0