Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған ер адам үйқамаққа жіберілді
Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған ер адам үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушысын қамауда ұстауға тергеу соты санкция беруден бас тартты. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Прокуратура сот қаулысына наразылық білдіреді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 10 қазанда Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне келушілер зардап шегіп,18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті.