Қайрат Сатыбалдының бұрынғы бизнес-орталығы ешкімге керексіз болып қалды
Бұрын Қайрат Сатыбалдының иелігінде болған Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығын сату бойынша кезекті электронды аукцион өтпей қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
14 шілдеге белгіленген саудаға бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Нысан бағаны көтеру тәсілімен сатылымға шығарылған.
Сауда-кеңсе орталығының бастапқы құны 47 млрд 344 млн 75 мың 556 теңге (ҚҚС-сыз) болып белгіленген. Аукционға қатысу үшін үміткерлерден 7,1 млрд теңгеден астам кепілдік жарна төлеу талап етілген.
2017 жылы пайдалануға берілген тоғыз қабатты ғимараттың жалпы аумағы 63 920 шаршы метрді құрайды. Нысан Алматы қаласы Алмалы ауданындағы Желтоқсан көшесі, 115 мекенжайында, көлемі 0,7209 гектар жер телімінде орналасқан.
Қазіргі уақытта бизнес-орталық «КУВА» ЖШС-нің еншілес ұйымының сенімгерлік басқаруында. Нысан қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Онда 53 жалға алушы қызмет етеді.
Айта кетейік, биыл ақпан айында да Kaisar Plaza сатылымға шығарылған болатын. Ол кезде бастапқы бағасы 61,5 млрд теңге болған. Алайда сатып алушы табылмағандықтан, аукцион сол жолы да өтпеген еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0