«Қоштасу хатын өзі жазбаған»: Шерзат Полаттың әпкесі күтпеген мәлімдеме жасады

Ulysmedia порталы марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымовамен болған сұқбатын жариялады. Перизат Нұрымова сұхбатта бауырының өліміне қатысты тың деректермен бөліскен.
Оның айтуынша, Нұрқанат көз жұмбас бұрын таратылған қоштасу хаты шын мәнінде оның өзі жазған мәтін емес.
«Бір күдік менің өзіме келетін, біз бес ағайындымыз, Төртеуімізге ғана хабарлама келеді. Кішкентай сіңіліме хабарлама келмейді. Неге? Менің күдігім оны білмейтін адам жазды. Қазіргі таңда ғана біздің бес ағайынды екеніміз енді біліп жатыр. Алайда бесінші кім екенін білмейді. Атын атамаймыз, түрін түстемейміз. Ол студент, сондықтан сол үшін өмірде қорқамыз. Бізсіз де достарымен жүретіні бар, басқасы да бар қауіптенеміз. Оны Мейірман аға да біледі. Біздің бес ағайын екенімізді білмейтін адам жазған. Біріншіден бесінші адамның кім екенін білмейтін адам. Білсе де оған да хабарлама жазар еді. Сіңілімнің Шерзаттың арасы екі ақ жас», – дейді Перизат Нұрымова.
Сіздің реакцияңыз қандай?






