Қостанайда жоғалып кеткен жас жігіттің денесі Тобыл өзенінен табылды

Шілде 16, 2026 - 10:53
 0  22
Қостанайда жоғалып кеткен жас жігіттің денесі Тобыл өзенінен табылды
Фото: Әлеуметтік желі

Жас жігіттің мәйіті Тобыл өзенінен табылды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

2008 жылы туған жас жігіт 14 шілде күні кешке Назарбаев көшесіндегі үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Оның із-түзсіз жоғалу фактісі бойынша полиция іздестіру ісін тіркеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған жігіттің мәйіті Тобыл өзенінен, Орталық көпір маңынан табылды.

«2008 жылы туған жас жігіттің із-түзсіз жоғалуына байланысты полиция іздестіру ісін қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған азаматтың мәйіті Тобыл өзенінен, Орталық көпір маңынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері көзге байқалмайды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Құқықтық қорытынды тергеу нәтижесіне сәйкес беріледі», – деп мәлімдеді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жас жігіттің қаза болу себептері мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0