Павлодарда ағаш түбіне жасырылған қазаннан 24 миллион теңге табылды

Тамыз 29, 2026 - 16:30
 0  35
Павлодарда ағаш түбіне жасырылған қазаннан 24 миллион теңге табылды
Фото: видеодан скрин

Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияның мәліметінше, ұрлыққа ЖШС күзетшісінің қатысы бар екені анықталған. Полиция ұрланған 24 миллион теңгені бау-бақша серіктестіктерінің бірінен тапты.

Ұрланған ақша алма ағашының түбіндегі қазанның ішіне жасырылған болып шықты. 

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тіркелді", – деді Павлодар қалалық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0