Шаңды дауыл, жаңбыр: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Маусым 1, 2026 - 13:52
chat_bubble  0 visibility  0
Шаңды дауыл, жаңбыр: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады "Қазгидромет".

Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 2 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады. Ал 3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, 4 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы батыста күндіз +23…+28°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыста +13…+26°С аралығында құбылады. Солтүстікте +25…+32°С, орталық пен шығыста +27…+36°С дейін ыстық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста температура сәл төмендейді. Шығыста ауа температурасы +25…+35°С шамасында сақталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0