Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Наурыз 3, 2026 - 14:38
 0  3
Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды
Фото: ТЖД

26 ақпанда Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті – бүгін «Авиценна Бурабай» ауруханасында науқастардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер медициналық мекемелерде ем қабылдауды жалғастырып жатыр.

«Олардың төртеуі Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында ем алуда. Үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда. Бір науқастың денесінің 85 пайызы күйіп қалған, оның жағдайы өте ауыр. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Күн сайын штаттан тыс бас мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізіледі. Мамандар эфференттік терапия әдістерін қолдануда. Күн сайын Астанадағы Жедел медициналық көмек орталығына есеп беріліп отырады», – деп хабарлады облыстық аурухана дәрігерлері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0