Шымкенттің бұрынғы әкімінің жиені есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды

Ақпан 26, 2026 - 23:41
 0  1
Шымкенттің бұрынғы әкімінің жиені есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласының экс-әкімі Амалбек Тшановтың жиені Жамалбек Бекдәулет Алматыда есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті Қазақстан аумағында есірткі заттарын халықаралық пошта арқылы өткізуді ұйымдастырған. Ол бұл мақсатта өз қылмыстық жоспары туралы білмеген делдалдарды пайдаланбақ болған. Оның іс-әрекетінің себептері мен көлемдері тергеу барысында анықталады. Іс Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қарауында.

"2025 жылғы 8 қыркүйекте Алматыдағы "Жетісу" кеден бекетінде бір пошта пакетін тексеру кезінде жедел қызметкерлер жағымсыз иісі бар сұйықтықты анықтады. Сараптама оның каннабис экстракты (гашиш майы) екенін көрсетті", – делінген хабарламада.

2025 жылдың тамыз айында күдікті есірткі саудасымен айналысатын тұлғалармен байланыс орнатып, олар Таиланд Корольдігінен халықаралық пошта жөнелтілімі арқылы каннабис сығындысын жіберген. Бекдәулет өткен жылдың қыркүйек айында Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында "Қазпошта" курьерінен жөнелтілімді алу кезінде ұсталған. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Айта кетейік, Амалбек Тшанов – Қазақстанға белгілі саясаткер. 1991 жылғы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілі болған. Тшанов 1992–1993 жылдары Шымкент әкімі қызметін атқарды. Кейін Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аумақтық даму министрі, Жамбыл облысының әкімі болды. 1999 жылы мәжіліс депутаты болып сайланып, 2000 жылдардың басында орталық органдарда қызметін жалғастырды. Ол инженерлік қызметтен бастап жоғары мемлекеттік лауазымдарға дейін көтеріліп, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы басқарушы кадрларының бірі атанды.

Кейін саясаттан кетіп, қоғамдық және ғылыми жұмыстармен айналысты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0