«Тіреу болуға уәделескенбіз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз жақсы жаңалығымен бөлісті

Шілде 15, 2026 - 00:38
chat_bubble  0 visibility  0
«Тіреу болуға уәделескенбіз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз жақсы жаңалығымен бөлісті
Фото: Видеодан скрин

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық әрі шығармашылық жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Қайрат Нұртастың бірнеше қалада шығармашылық кештері өтеді. Қазір өнерлі жұп концерттерге белсенді дайындалып жатыр. Жұлдыз Әбдікәрімова жариялаған видеода бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп отырған кезде Қайрат Нұртас оның жанына келіп, шашынан иіскейді. Бұл сәт желі қолданушыларының назарын аударды.

Актриса жазбасында жұбайымен бірге шығармашылық тұрғыда дамуға және бір-біріне үнемі қолдау көрсетуге тырысып жүргендерін айтты.

"Шамамыз жеткенше, қолдан келгенше бірге дамуға, шығармашылығымызды өз саламыз бойынша тоқтаусыз шыңдауға тырысып жүрміз. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!" – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының видеосына жылы пікір қалдырып, алдағы шығармашылық кештеріне сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0