Түркістан облысында әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды

Қаңтар 13, 2026 - 14:42
 0  28
Түркістан облысында әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында орналасқан жеке тұрғын үйден бір отбасының үш адамы көз жұмды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Олар көміртегі тотығымен уланып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша қатты отынмен жылытылатын пешті, оның ішінде мұржаны пайдалану ережелері бұзылған.

"Төрт адам уланды. Екі бала мен анасы қайтыс болды. Бір бала жансақтау бөліміне түсті", - дейді құтқарушылар.

Аман қалған бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0